2016 жылға арналған Астрахан ауданының аумағында тұратын, нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 5 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 4 ақпанда № 5241 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 85 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 19.04.2016 № 85 (қол қойған күннен бастап күшіне енеді) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 және 7 баптарына сәйкес, Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Астрахан ауданы аумағында тұратын, нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      ұзақ уақыт жұмыс істемегендер (үш айдан артық);
      жұмыссыз ретінде тіркелген 50 жастан асқан тұлғалар;
      маусымдық және уақытша жұмыс мерзімінің аяқталуына байланысты жұмыстан босатылғандар;
      емдеу курсын өткен, туберкулезбен ауыратындар;
      уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіби оқуды аяқтаған жұмыссыз тұлғалар;
      әлеуметтік-медициналық оңалтудан өткен есірткімен ауыратындар.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Астрахан ауданы әкімінің орынбасары М.Қ.Қожахметке жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Астрахан ауданының әкімі Т.Ерсейітов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады