Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 20.04.2020 № 6С-48/5-20 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ерейментау аудандық мәслихатының "Ерейментау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 3 қазандағы № 5С-19/3-13 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3854 болып тіркелген, аудандық "Ереймен" газетінде 2013 жылғы 2 қарашасында, аудандық "Ерейментау" газетінде 2013 жылғы 2 қарашасында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ерейментау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына:
2 тармақтың 8) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
"8. уәкілетті ұйым – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" комерциялық емес акционерлік қоғамның Ақмола облысы бойынша филиалы "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" департаментінің Ерейментау аудандық бөлімшесі;";
21 тармақ алып тасталынсын.
2. Осы шешiм Ақмола облысы Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ерейментау аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
А. Сырымбетов |
Ерейментау аудандық мәслихатының хатшысы |
Қ. Махметов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Ерейментау ауданының әкімі | Е. Нұғыманов |
"24" мамыр 2016 жыл