Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Біржан сал ауданы әкімдігінің 28.03.2018 № а-3/126 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа еңгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысы негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Еңбекшілдер ауданындағы коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемдерін қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары О.Т.Ахметоваға жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А.Қиықов |
Еңбекшілдер аудан әкімдігінің 2016 жылғы " 26 " 04 № а-5/81 қаулысына қосымша |
Еңбекшілдер ауданындағы коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемдер
№ р/р | өлшемдердің атауы | иеліктен айыру түрі |
1. | Егер мемлекеттің алдағы уақытта мемлекеттік меншік объектісін бақылауда мүдделігі болмаса | Аукцион түріндегі жекешелендіру |
2. | Сату шартын бекіту арқылы уақыттың қандай да бір кезеңіне мемлекет тарапынан бақылауды сақтау қажеттілігі болса (қызмет түрін сақтау, кредиторлық берешекті өтеу, еңбек ақы бойынша берешекті өтеу және басқа шарттар) | Тендер түріндегі жекешелендіру |