Біржан сал ауданындағы коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемдерді айқындау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Біржан сал ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № а-3/126 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 11 сәуірде № 6535 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 09 тамыздағы № 920 қаулысы негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Біржан сал ауданындағы коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемдерін қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. "Еңбекшілдер ауданындағы коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемдерді айқындау туралы" Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 сәуірдегі № а-5/81 (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 5378 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылы 24 маусымда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аталған мәселеге жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа еңгізіледі.

      Аудан әкімінің
міндетін атқарушы
Е.Сабыров

  Біржан сал ауданы әкімдігінің
2018 жылғы "28" 03
№ а-3/126 қаулысына
қосымша

Біржан сал ауданындағы коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемдер

өлшемдердің атауы

иеліктен айыру түрі

1.

Егер мемлекеттің алдағы уақытта мемлекеттік меншік объектісін бақылауда мүдделігі болмаса

аукцион түріндегі жекешелендіру

2.

Сату шартын бекіту арқылы уақыттың қандай да бір кезеңіне мемлекет тарапынан бақылауды сақтау қажеттілігі болса (қызмет түрін сақтау, кредиторлық берешекті өтеу, еңбек ақы бойынша берешекті өтеу және басқа шарттар)

тендер түріндегі жекешелендіру


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады