Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 23.11.2018 № 39/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Есіл аудандық мәслихатының "Есіл ауданында тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібін және мөлшерін анықтау туралы" 2015 жылғы 31 наурыздағы № 41/7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4770 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 мамырда "Жаңа Есіл" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасындағы 2 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"2. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бектілген, Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіне сәйкес, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалы – "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаментінің Есіл аудандық бөлімі арқылы немесе "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген, "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, "электрондық үкіметтің www.egov.kz веб-порталы арқылы тұғын үй көмегін тағайындау мен төлеуді жүзеге асыратын, "Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі-уәкілетті орган) жүгінеді".".
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрайымы |
Г.Кәрімова |
Аудандық мәслихат хатшысы | С.Ағымбаева |
"КЕЛІСІЛДІ"
Есіл ауданының әкімі | А.Қалжанов |
14 сәуір 2016 жыл