"Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 213-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген), Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 25.10.2019 № а-10/312 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, аудандық бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесі бекітілсін.
2. Есіл ауданы әкімдігінің осы қаулысының орындалуын бақылау Есіл ауданы әкімінің орынбасары Д.Б.Есжановқа жүктелсін.
3. Осы Есіл ауданы әкімдігінің қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А.Қалжанов |
Есіл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 маусым №а-6/207 қаулысына қосымша |
Аудандық бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесі
1. Еңбекақы және өзге ақшалай төлемдерді төлеу, оның ішінде техникалық персоналдың еңбекақысы және еңбекақыдан барлық ұстап қалулар.
2. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен қарастырылған ақшалай өтемақылар.
3. Алимент, міндетті зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, жәрдемақылар және өзге әлеуметтік төлемдер, шәкіртақылар.
4. Банк қызметтеріне төлем жасау, қарыздық міндеттемелерді өтеу және қызмет көрсету бойынша төлемдер, бюджеттік субвенциялар, салықтар және бюджетке төленетін өзге міндетті төлемдер.
5. Жанармай сатып алу (ғимараттарды жылытуға қатысты), тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтер, азық-түлік және дәрі-дәрмектерді сатып алу үшін шығындар.
6. Атқарушылық құжаттарды және сот актілерін орындау.
7. Ағымдағы трансферттер және даму трансферттері, республикалық бюджеттен бөлінетін бюджеттік кредиттер.