Есіл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 маусымдағы № а-6/207 "Аудандық бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесін анықтау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 25 қазандағы № а-10/312 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 28 қазанда № 7440 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес, Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Есіл ауданы әкімдігінің "Аудандық бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесін анықтау туралы" 2016 жылғы 20 маусымдағы № а-6/207 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5484 болып тіркелген, 2016 жылғы 9 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда баяндалсын:

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 213-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген), Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Есіл ауданы әкімінің орынбасары Д.И. Нұрлыбековке жүктелсін.

      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әкім С.Балжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады