Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабы 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген 2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Т.Хамиевке жүктелсін.
3. Осы қаулының әрекеті 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Зеренді ауданының әкімі | А.Мұратұлы |
Зеренді ауданы әкімдігінің 2016 жылғы " 15 " қаңтардағы № А-1/15 қаулысымен бекітілген |
2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-анасының ақы төлеу мөлшері.
Ескерту. Тапсырыс жаңа редакцияда – Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 29.08.2016 № А-6/394 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында тәрбиеленушілер саны | Мектепке дейінгі ұйымдарында бір айға жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері (теңге) | ||||||
Балабақша | Толық күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық | Жарты күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық | Балабақша | Толық күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық | Жарты күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық | ||
мемлекеттік | жеке меншік | ||||||
мемлекеттік | жеке меншік | ||||||
135 | 50 | 75 | 192 | 23869,7 | 21591,8 | 16921,6 | 8460,8 |
Бір тәрбиеленушіге бір айға жұмсалатын шығындарының орташа құны (тенге) | Мектепке дейінгі ұйымдарында бір айға ата-ананың ақы төлеу мөлшері (теңге) | ||||||
Балабақша | Толық күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық | Жарты күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық | Балабақша | Толық күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық | Жарты күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық | ||
мемлекеттік | жеке меншік | ||||||
мемлекеттік | жеке меншік | | | ||||
23869,7 | 21591,8 | 16921,6 | 8460,8 | 8000 | 15000 | 8000 | 4000 |