Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Зеренді ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № А-1/15 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5245 тіркелген, "Зерен" және "Зерделі Зеренді" аудандық газеттерінде 2016 жылғы 19 ақпанда жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған қаулымен бекітілген 2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Зеренді ауданының әкімі | А.Мұратұлы |
Зеренді ауданы әкімдігінің 2016 жылғы "29" тамыздағы № А-6/394 қаулысына қосымша |
|
Зеренді ауданы әкімдігінің 2016 жылғы "15" қаңтардағы № А-1/15 қаулысымен бекітілді |
2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-анасының ақы төлеу мөлшері
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында тәрбиеленушілер саны | Мектепке дейінгі ұйымдарында бір айға жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері (теңге) | ||||||
Балабақша | Толық күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық | Жарты күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық | Балабақша | Толық күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық | Жарты күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық | ||
мемлекеттік | жеке меншік | ||||||
мемлекеттік | жеке меншік | ||||||
135 | 50 | 75 | 192 | 23869,7 | 21591,8 | 16921,6 | 8460,8 |
Бір тәрбиеленушіге бір айға жұмсалатын шығындарының орташа құны (тенге) | Мектепке дейінгі ұйымдарында бір айға ата-ананың ақы төлеу мөлшері (теңге) | ||||||
Балабақша | Толық күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық | Жарты күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық | Балабақша | Толық күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық | Жарты күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық | ||
мемлекеттік | жеке меншік | ||||||
мемлекеттік | жеке меншік | | | ||||
23869,7 | 21591,8 | 16921,6 | 8460,8 | 8000 | 15000 | 8000 | 4000 |