Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 29.08.2019 № С-46/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Шортанды аудандық мәслихатының "Шортанды ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 25 қазандағы № С-21/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3884 тіркелген, 2013 жылдың 30 қарашасында аудандық "Вести" газетінде және 2013 жылдың 30 қарашасында аудандық "Өрлеу" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Шортанды ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:
2 тармақта:
6) тармақша алынсын;
9) тармақша жаңа редакцияда баяндалсын:
"9) уәкілетті ұйым – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалы – "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" Департаменті Шортанды аудандық бөлімшесі;";
22 тармақ алынсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың сессия төрайымы |
Ғ.Мұқанова |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Д. Отаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Шортанды ауданының әкімі | Г.Сәдуақасова |
"_11_" ____05____ 2016 ж.