Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына сәйкес, Бурабай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемдер айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы | С.Бейсимбаев |
Бурабай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы "28" 03 № а-3/114 қаулысына қосымша |
Аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемдер
№ р/т | Өлшемдердің атауы | Иеліктен айыру түрі |
---|---|---|
1 | Егер мемлекеттің алдағы уақытта мемлекеттік меншік объектісін бақылауда мүдделігі болмаса | Аукцион түріндегі жекешелендіру |
2 | Сату шартын бекіту арқылы уақыттың қандай да бір кезеңіне мемлекет тарапынан бақылауды сақтау қажеттілігі болса | Тендер түріндегі жекешелендіру |