Аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемдерді айқындау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 28 наурыздағы № а-3/114 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 29 сәуірде № 5330 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына сәйкес, Бурабай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемдер айқындалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің міндетін атқарушы С.Бейсимбаев

  Бурабай ауданы әкімдігінің
2016 жылғы "28" 03
№ а-3/114 қаулысына
қосымша

Аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемдер


р/т
Өлшемдердің атауы
Иеліктен айыру түрі
1
Егер мемлекеттің алдағы уақытта мемлекеттік меншік объектісін бақылауда мүдделігі болмаса
Аукцион түріндегі жекешелендіру
2
Сату шартын бекіту арқылы уақыттың қандай да бір кезеңіне мемлекет тарапынан бақылауды сақтау қажеттілігі болса
Тендер түріндегі жекешелендіру

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады