Ақтөбе облысының (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережені бекіту туралы

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2016 жылғы 3 маусымдағы № 22 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 8 шілдеде № 4995 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса беріліп отырған Ақтөбе облысының (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ереже бекітілсін.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Облыстық мәслихаттың
сессия төрағасы
Облыстық мәслихаттың хатшысы
      Ж. МҰХАМБЕТПАЙЗОВА С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА

  2016 жылғы 3 маусымдағы
№ 22 облыстық мәслихаттың
шешімімен бекітілген

Ақтөбе облысының (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен наградтау туралы
Ереже

1. Жалпы ереже

      1. Ақтөбе облысының (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен наградтау туралы осы Ереже (бұдан әрі – Құрмет грамотасы) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді.

2. Құрмет грамотасымен наградтау бойынша талаптар

      2. Құрмет грамотасымен облыс (қала, аудан) алдында сіңірген еңбегін тану белгісі ретінде жеке және заңды тұлғалар наградталады:
      1) елеулі жетістіктері үшін: экономикадағы, әлеуметтік саладағы, ғылымдағы, мәдениеттегі, білім берудегі, әскери және мемлекеттік қызметтегі, қоғамдық қызметтегі;
      2) халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты және мәдени байланыстарды нығайту бойынша жемісті қызметті жүзеге асырғаны үшін.
      3. Құрмет грамотасымен:
      1) еңбек ұжымдары - облыстың (қаланың, ауданның) әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлестері үшін;
      2) шығармашылық ұжымдар – халықтар арасындағы мәдени байланыстарды, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға ықпалын тигізген гастрольдік сапарлардың нәтижелері бойынша наградтала алады.
      4. Құрмет грамотасымен:
      1) наградтау сәтінде заңнамамен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алып тасталмаған, сотталғандығы бар;
      2) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған;
      3) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп таныған азаматтар марапатталмайды.
      5. Бір тұлға (ұжым, ұйым) бес жыл ішінде облыстың (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен наградталуға екі рет ұсыныла алмайды.
      6. Наградтау ұлттық, мемлекеттік, кәсіби және өзге де Қазақстан Республикасының мерекелеріне орайластырылады.

3. Құрмет грамотасының сипаттамасы

      7. Облыстың (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасы қосымша беті бар көгілдір түсті папкадан тұрады. Папканың беткі жағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы және алтынмен басылып, "ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ" жазуы бейнеленген.
      Қосымша бет қалың жылтыр А3 форматты ақ қағаздан бүктелген күйде баспаханалық тәсілмен жасалады.
      Қосымша беттің ішкі жағында үстінде және астында ұзына бойы алтын түстес ұлттық өрнек салынған.
      Қосымша беттің беткі жағында:
      жоғарғы бөлігінің ортасында - алтынмен басылып, қазақ тiлінде "Қазақстан Республикасы", орыс тілінің төменінде "Республика Казахстан" жазуы;
      ортада – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының түрлі-түсті бейнесі;
      қосымша беттің төменгі бөлігінің ортасында – алтынмен басылып, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің атауын көрсеткен мемлекеттік және орыс тілдеріндегі жазу орналасады, қазақ тіліндегі жазу орыс тіліндегі жазудың үстінде орналасады.
      Қосымша беттің ішкі сол жағында:
      ортада – Қазақстан Республикасының желбіреген Мемлекеттік Туының түрлі-түсті бейнесі орналасады.
      Қосымша беттің ішкі оң жағында:
      жоғарғы бөлігінің ортасында - алтынмен басылып, "Құрмет грамотасы" жазуы;
      жазудың астында, наградталушының тегін, аты, әкесінің аты (егер бар болса), наградталушының еңбектерінің қысқаша сипаттамасы, "наградталады" сөзі бар, қазақ және орыс тілдеріндегі мәтін орналасады. Қазақ тіліндегі мәтін орыс тіліндегі мәтіннің үстінде орналасады;
      төменгі бөлігінде облыс (қала, аудан) әкімінің және мәслихат хатшысының қолдары үшін мемлекеттік тілде мәтін орналасады, қол елтаңбалық мөрмен расталады;
      қолдан кейін мемлекеттік тілде марапаттау күні көрсетіледі.
      Наградталушының тегі, аты, әкесінің аты жеке куәлік құжатына сәйкес көрсетіледі.
      Қосымша бет компьютермен терілген көлбеусіз қара түсті шрифтермен, принтерді пайдалана отырып толтырылады. Мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда, қосымша бет қолмен, анық және түсінікті жазумен, түзетулерсіз қара түсті сиямен толтырылады.

4. Наградтауға ұсыну

      8. Облыс (қала, аудан) әкімінің Құрмет грамотасымен наградтауға ұсынысты облыс әкімдігінің аппаратына еңбек ұжымдары, кәсіпорындар, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, қоғамдық ұйымдар, шығармашылық бірлестіктер, жергілікті өзін-өзі басқару органдары жолдайды.
      Ұсыныста тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), атқаратын лауазымы немесе ресми атауы (ұйымның, ұжымның) көрсетіледі, нақты еңбек және шығармашылық еңбектері, облыстың (қаланың, ауданның) дамуына қосқан үлесі баяндалған мінездеме, гастрольдік сапарлардың нәтижелері бойынша ақпарат беріледі. Ұсынысқа басшы қол қояды және мөрмен бекітіледі.
      Ұсынысқа кандидаттың жеке куәлігінің көшірмесі қоса тіркеледі.
      9. Құрмет грамотасымен наградтау үшін өзінің кандидатурасын өзі ұсынған азаматтардан түскен материалдар, қаралмайды.
      10. Құрмет грамотасымен наградтау бойынша келіп түскен құжаттар алдын ала қарау және наградтау жөнінде ұсыныс әзірленуі үшін, наградтау жөніндегі облыс (қала, аудан) әкімі жанындағы комиссияға (бұдан әрі – Комиссия) жолданады.
      Комиссия өтінімді қанағаттандыруға және тиісті мәслихаттың қарауына Құрмет грамотасымен наградтау бойынша ұсыныс енгізуді облыс (қала, аудан) әкіміне ұсынуға, болмаса тиісті себептерін көрсете отыра бас тартуға құқылы.
      Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешім облыс (қала, аудан) әкімінің ұсынысы бойынша облыс (қала, аудан) мәслихатының сессиясында қабылданады.

5. Қорытынды ережелер

      11. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты жағдайда жүргізіледі. Құрмет грамотасын облыс (қала, аудан) әкімі және мәслихат хатшысы, немесе олардың тапсырмасы бойынша өзге тұлғалар тапсырады.
      12. Наградтау бойынша материалдар облыс (қала, аудан) әкімінің аппаратында сақталады.

Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Актюбинской области (города, района)

Решение маслихата Актюбинской области от 3 июня 2016 года № 22. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 8 июля 2016 года № 4995

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с подпунктом 12-3) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Актюбинский областной маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить прилагаемое Положение о награждении Почетной грамотой Актюбинской области (города, района).
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Председатель сессии Секретарь
      областного маслихата областного маслихата
      Ж. МУХАМБЕТПАИЗОВА С. КАЛДЫГУЛОВА

  Утверждено решением
областного маслихата
от 03 июня 2016 года № 22

Положение
о награждении Почетной грамотой Актюбинской области (города, района)

1. Общее положение

      1. Настоящее Положение о награждении Почетной грамотой Актюбинской области (города, района) (далее – Почетная грамота) разработано в соответствии Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан".

2. Требования по награждению Почетной грамотой

      2. Почетной грамотой награждаются физические и юридические лица в знак признания заслуг перед областью (городом, районом):
      1) за значительные достижения: в экономике, социальной сфере, науке, культуре, образовании, в воинской и государственной службе, общественной деятельности;
      2) за осуществление плодотворной деятельности по укреплению дружбы и солидарности между народами и культурных связей.
      3. Почетной грамотой могут награждаться:
      1) трудовые коллективы - за весомый вклад в социально - экономическое развитие области (города, района);
      2) творческие коллективы - по итогам гастрольных поездок, способствовавших укреплению культурных связей, дружбы и сотрудничества между народами.
      4. Почетной грамотой не могут быть награждены граждане:
      1) имеющие судимость, которая не погашена или не снята в установленном законодательством порядке на момент награждения;
      2) признанные судом недееспособными, либо ограниченно дееспособными;
      3) признанные судом виновными в совершении коррупционного преступления и (или) коррупционного правонарушения.
      5. Одно и то же лицо (коллектив, организация) не может дважды представляться к награждению Почетной грамотой области (города, района) в течении пяти лет.
      6. Награждение приурочивается к национальным, государственным, профессиональным и иным праздникам Республики Казахстан.

3. Описание Почетной грамоты

      7. Почетная грамота области (города, района) состоит из папки голубого цвета с вкладышем. На лицевой стороне папки изображен Государственный Герб Республики Казахстан и надпись "ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА", выполненная золотым тиснением.
      Вкладыш изготавливается типографским способом в развернутом виде из плотной, лощеной бумаги белого цвета, формата А3.
      Внутри вкладыша вверху и внизу по длинному краю размещается национальный орнамент – цвета золота.
      На лицевой стороне вкладыша располагаются:
      в верхней части по центру - надпись на государственном языке "Қазақстан Республикасы" ниже на русском языке "Республика Казахстан", выполненная золотым тиснением;
      по центру - цветное изображение Государственного Герба Республики Казахстан;
      в нижней части по центру вкладыша - надпись на государственном и русском языках с указанием наименования соответствующей административно-территориальной единицы, выполненная золотым тиснением, надпись на государственном языке располагается над надписью на русском языке.
      На левой стороне внутри вкладыша располагаются:
      по центру – цветное изображение развивающегося Государственного Флага Республики Казахстан.
      На правой стороне внутри вкладыша располагаются:
      в верхней части по центру - надпись "Құрмет грамотасы", выполненная золотым тиснением;
      ниже под надписью текст на государственном и русском языках, который содержит слова: "награждается", фамилию, имя, отчество награждаемого, краткое описание заслуг награждаемого. Текст на государственном языке располагается над текстом на русском языке;
      в нижней части располагается текст для подписи акима и секретаря маслихата области (города, района) на государственном языке, подпись заверяется гербовыми печатями;
      после подписи указывается дата награждения на государственном языке.
      Фамилия, имя, отчество награждаемого указываются в соответствии с документом, удостоверяющим личность.
      Вкладыш заполняется путем компьютерного набора, шрифтами черного цвета, без наклона с использованием принтера. В случае отсутствия данной возможности, вкладыш заполняется рукописно, четким и разборчивым почерком, без помарок чернилами черного цвета.

4. Представление к награждению

      8. Представление к награждению Почетной грамотой акима области (города, района) направляется в аппарат акима области (города, района) трудовыми коллективами, предприятиями, местными исполнительными и представительными органами, общественными организациями, творческими объединениями, органами местного самоуправления.
      В представлении указываются фамилия, имя, отчество, занимаемая должность, дается характеристика с изложением конкретных трудовых и творческих заслуг, вклада в развитие области (города, района), информация по итогам гастрольных поездок. Представление подписывается руководителем и скрепляется печатью.
      К представлению прилагается копия удостоверения личности кандидата.
      9. Материалы, поступившие от граждан, самостоятельно представляющих свою кандидатуру для награждения Почетной грамотой, не рассматриваются.
      10. Поступившие документы для предварительного рассмотрения и подготовки предложений по награждению, направляются в комиссию при акиме области (города, района) по наградам (далее - Комиссия).
      Комиссия вправе удовлетворить ходатайство и рекомендовать акиму области (города, района) внести представление по награждению Почетной грамотой на рассмотрение соответствующего маслихата либо отклонить его, с указанием соответствующих причин.
      Решение о награждении Почетной грамотой принимается на сессии маслихата области (города, района) по представлению акима области (города, района).

5. Заключительные положения

      11. Вручение Почетной грамоты производится в торжественной обстановке. Почетную грамоту вручает аким и секретарь маслихата области (города, района), либо иное лицо по их поручению.
      12. Материалы по награждению хранятся в аппарате акима области (города, района).