1. Қоса беріліп отырған Ақтөбе облысының (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ереже бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы |
Облыстық мәслихаттың хатшысы |
Ж. МҰХАМБЕТПАЙЗОВА | С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА |
2016 жылғы 3 маусымдағы № 22 облыстық мәслихаттың шешімімен бекітілген |
Ақтөбе облысының (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен наградтау туралы
Ереже
1. Жалпы ереже
1. Ақтөбе облысының (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен наградтау туралы осы Ереже (бұдан әрі – Құрмет грамотасы) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді.2. Құрмет грамотасымен наградтау бойынша талаптар
2. Құрмет грамотасымен облыс (қала, аудан) алдында сіңірген еңбегін тану белгісі ретінде жеке және заңды тұлғалар наградталады:1) елеулі жетістіктері үшін: экономикадағы, әлеуметтік саладағы, ғылымдағы, мәдениеттегі, білім берудегі, әскери және мемлекеттік қызметтегі, қоғамдық қызметтегі;
2) халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты және мәдени байланыстарды нығайту бойынша жемісті қызметті жүзеге асырғаны үшін.
3. Құрмет грамотасымен:
1) еңбек ұжымдары - облыстың (қаланың, ауданның) әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлестері үшін;
2) шығармашылық ұжымдар – халықтар арасындағы мәдени байланыстарды, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға ықпалын тигізген гастрольдік сапарлардың нәтижелері бойынша наградтала алады.
4. Құрмет грамотасымен:
1) наградтау сәтінде заңнамамен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алып тасталмаған, сотталғандығы бар;
2) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған;
3) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп таныған азаматтар марапатталмайды.
5. Бір тұлға (ұжым, ұйым) бес жыл ішінде облыстың (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен наградталуға екі рет ұсыныла алмайды.
6. Наградтау ұлттық, мемлекеттік, кәсіби және өзге де Қазақстан Республикасының мерекелеріне орайластырылады.
3. Құрмет грамотасының сипаттамасы
7. Облыстың (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасы қосымша беті бар көгілдір түсті папкадан тұрады. Папканың беткі жағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы және алтынмен басылып, "ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ" жазуы бейнеленген.Қосымша бет қалың жылтыр А3 форматты ақ қағаздан бүктелген күйде баспаханалық тәсілмен жасалады.
Қосымша беттің ішкі жағында үстінде және астында ұзына бойы алтын түстес ұлттық өрнек салынған.
Қосымша беттің беткі жағында:
жоғарғы бөлігінің ортасында - алтынмен басылып, қазақ тiлінде "Қазақстан Республикасы", орыс тілінің төменінде "Республика Казахстан" жазуы;
ортада – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының түрлі-түсті бейнесі;
қосымша беттің төменгі бөлігінің ортасында – алтынмен басылып, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің атауын көрсеткен мемлекеттік және орыс тілдеріндегі жазу орналасады, қазақ тіліндегі жазу орыс тіліндегі жазудың үстінде орналасады.
Қосымша беттің ішкі сол жағында:
ортада – Қазақстан Республикасының желбіреген Мемлекеттік Туының түрлі-түсті бейнесі орналасады.
Қосымша беттің ішкі оң жағында:
жоғарғы бөлігінің ортасында - алтынмен басылып, "Құрмет грамотасы" жазуы;
жазудың астында, наградталушының тегін, аты, әкесінің аты (егер бар болса), наградталушының еңбектерінің қысқаша сипаттамасы, "наградталады" сөзі бар, қазақ және орыс тілдеріндегі мәтін орналасады. Қазақ тіліндегі мәтін орыс тіліндегі мәтіннің үстінде орналасады;
төменгі бөлігінде облыс (қала, аудан) әкімінің және мәслихат хатшысының қолдары үшін мемлекеттік тілде мәтін орналасады, қол елтаңбалық мөрмен расталады;
қолдан кейін мемлекеттік тілде марапаттау күні көрсетіледі.
Наградталушының тегі, аты, әкесінің аты жеке куәлік құжатына сәйкес көрсетіледі.
Қосымша бет компьютермен терілген көлбеусіз қара түсті шрифтермен, принтерді пайдалана отырып толтырылады. Мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда, қосымша бет қолмен, анық және түсінікті жазумен, түзетулерсіз қара түсті сиямен толтырылады.
4. Наградтауға ұсыну
8. Облыс (қала, аудан) әкімінің Құрмет грамотасымен наградтауға ұсынысты облыс әкімдігінің аппаратына еңбек ұжымдары, кәсіпорындар, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, қоғамдық ұйымдар, шығармашылық бірлестіктер, жергілікті өзін-өзі басқару органдары жолдайды.Ұсыныста тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), атқаратын лауазымы немесе ресми атауы (ұйымның, ұжымның) көрсетіледі, нақты еңбек және шығармашылық еңбектері, облыстың (қаланың, ауданның) дамуына қосқан үлесі баяндалған мінездеме, гастрольдік сапарлардың нәтижелері бойынша ақпарат беріледі. Ұсынысқа басшы қол қояды және мөрмен бекітіледі.
Ұсынысқа кандидаттың жеке куәлігінің көшірмесі қоса тіркеледі.
9. Құрмет грамотасымен наградтау үшін өзінің кандидатурасын өзі ұсынған азаматтардан түскен материалдар, қаралмайды.
10. Құрмет грамотасымен наградтау бойынша келіп түскен құжаттар алдын ала қарау және наградтау жөнінде ұсыныс әзірленуі үшін, наградтау жөніндегі облыс (қала, аудан) әкімі жанындағы комиссияға (бұдан әрі – Комиссия) жолданады.
Комиссия өтінімді қанағаттандыруға және тиісті мәслихаттың қарауына Құрмет грамотасымен наградтау бойынша ұсыныс енгізуді облыс (қала, аудан) әкіміне ұсынуға, болмаса тиісті себептерін көрсете отыра бас тартуға құқылы.
Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешім облыс (қала, аудан) әкімінің ұсынысы бойынша облыс (қала, аудан) мәслихатының сессиясында қабылданады.
5. Қорытынды ережелер
11. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты жағдайда жүргізіледі. Құрмет грамотасын облыс (қала, аудан) әкімі және мәслихат хатшысы, немесе олардың тапсырмасы бойынша өзге тұлғалар тапсырады.12. Наградтау бойынша материалдар облыс (қала, аудан) әкімінің аппаратында сақталады.