Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Ақтөбе облыстық мәслихатының 24.12.2021 № 110 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына және 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 4-тармағына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария және орман шаруашылығы саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облыстық мәслихатының 24.12.2021 № 110 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Облыстық мәслихаттың мынадай шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік саланың мамандарына жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы" облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 134 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3275 тіркелген, 2008 жылғы 30 желтоқсанда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған);
2) "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік саланың мамандарына жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы" облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 134 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 15 тамыздағы № 234 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4019 тіркелген, 2014 жылғы 9 қыркүйекте "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған).
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы | С. ІЗІМБЕТОВ |
Облыстық мәслихаттың хатшысы | С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА |