Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария және орман шаруашылығы саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2016 жылғы 17 тамыздағы № 51 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 15 қыркүйекте № 5074 болып тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Ақтөбе облыстық мәслихатының 24.12.2021 № 110 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына және 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 4-тармағына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария және орман шаруашылығы саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін.
      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облыстық мәслихатының 24.12.2021 № 110 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Облыстық мәслихаттың мынадай шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
      1) "Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік саланың мамандарына жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы" облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 134 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3275 тіркелген, 2008 жылғы 30 желтоқсанда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған);
      2) "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік саланың мамандарына жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы" облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 134 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 15 тамыздағы № 234 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4019 тіркелген, 2014 жылғы 9 қыркүйекте "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған).
      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы С. ІЗІМБЕТОВ
      Облыстық мәслихаттың хатшысы С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады