1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 мамырдағы № 201 "Ақтөбе облысының Қобда ауданының аумағын аймақтарға бөлу туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4963 тіркелген, 2016 жылғы 28-29 маусымда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. "Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары М.С.Жұмағазиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі | Б.Сапарбаев |