Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабы 1-тармағы 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 767 "Аумақты аймақтарға бөлу ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6027 тіркелген) бұйрығына сәйкес және Қобда ауданы Бұлақ ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 6 мамырдағы № 11 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4931 тіркелген) шешімі, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2016 жылғы 13 мамырдағы № 1-27/585 ұсынысы негізінде ірі қара малдарының арасында пастереллез ауруының әкелінуінің және таралуының алдын алу мақсатында, Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысы Қобда ауданының аумағын келесідей аймақтарға бөлу жүргізілсін:
1) Көрсетілген ауылдың аумағы кіретін Бұлақ ауылдық округінің Әлия ауылынан бастап 5 километрлік радиустағы ірі қара малдарының арасында пастереллез ауруының эпизоотиялық ошағы бар қолайсыз аймаққа;
2) Бұлақ ауылдық округінің Талдысай, Бұлақ ауылдарының, "Аққұдық", "Кіндік сай", "Сағындық сай", "Подхоз", "Алтай" қыстақтарының, "Талдысай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің, Бестау ауылдық округінің "Рымбаз", "17 ауыл", "Қарабұлақ", "Қобда баз" қыстақтарының аумақтары енгізілген ірі қара малдарының арасында пастереллез ауруының эпизоотиялық ошағы бар қолайсыз аймағынан 25 километрлік радиустағы буферлік аймаққа;
3) Бұлақ ауылдық округінің "Кантор баз", "Бесқопа" елді мекендерінің, "Қобдабай" қыстағының, Бестау ауылдық округінің, "Жангелді", "Қаратал", "Белогор" қыстақтарының, Қобда ауылдық округінің Қобда ауылының, Жарсай ауылдық округінің "Қызыл мола" қыстағының, Білтабан атындағы ауылдық округінің Байтақ, Қосөткел ауылдарының аумақтары енгізілген буферлік аймағынан 50 километрлік радиустағы аймағы бақылау аймағына;
4) Қобда ауданының белгіленген аймақтар шегінен тыс орналасқан аумақтары қолайлы аймақтарға жатқызылсын.
2. "Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), Қобда ауданының әкімдігі, осы қаулының 1-тармағында көрсетілген ауылдық округтердің әкімдері қолданыстағы заңнамаға сәйкес қажетті шаралар қабылдасын.
3. "Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары М.С.Жұмағазиевке жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі | Б.Сапарбаев |