"Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын арттыру туралы" облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 337 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 85 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 6 қаңтарда № 5195 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 2021 жылғы 17 мамырдағы № 43 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Ақтөбе облыстық мәслихатының 17.05.2021 № 43 шешімімен (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 3 желтоқсандағы Заңының 1-бабының 1-тармағының 121) тармақшасына, "Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексiнің 495-бабының 9-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 5-тармағына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын арттыру туралы" облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 337 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3349 тіркелген, 2011 жылғы 6 қаңтарда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің 1-тармағының 3 абзацы - алынып тасталсын;
      шешімге қосымшада 3-тармақ - алынып тасталсын.
      2. Осы шешім 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың
сессия төрағасы
Облыстық мәслихаттың хатшысы
      А. ТУЛЕГЕНОВА С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА

О внесении изменений в решение областного маслихата от 13 декабря 2010 года № 337 "О повышении ставок платы за эмиссии в окружающую среду"

Решение маслихата Актюбинской области от 12 декабря 2016 года № 85. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 6 января 2017 года № 5195. Утратило силу решением маслихата Актюбинской области от 17 мая 2021 года № 43

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Актюбинской области от 17.05.2021 № 43 (вводится в действие с 01.01.2022).
      В соответствии с подпунктом 121) пункта 1 статьи 1 Закона Республики Казахстан от 3 декабря 2015 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам налогообложения и таможенного администрирования", пунктом 9 статьи 495 Кодекса Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый Кодекс), пунктом 5 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Актюбинский областной маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести в решение областного маслихата от 13 декабря 2010 года № 337 "О повышении ставок платы за эмиссии в окружающую среду" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3349, опубликованное 6 января 2011 года в газетах "Ақтөбе" и "Актюбинский вестник") следующие изменения:
      абзац 3 пункта 1 решения - исключить;
      пункт 3 приложения к решению - исключить.
      2. Настоящее решение вводится в действие с 1 января 2017 года.

      Председатель сессии
областного маслихата
Секретарь областного маслихата
      А. ТУЛЕГЕНОВА С. КАЛДЫГУЛОВА