Ескерту. Күші жойылды – Ақтөбе облыстық мәслихатының 17.05.2021 № 43 шешімімен (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Шешімнің тақырыбына өзгерту енгізілді - Ақтөбе облыстық мәслихатының 2011.12.07 № 436 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң колданысқа енгізіледі).
Ескерту. Тақырыбында, бүкіл мәтіні бойынша және қосымшасында қазақ тілінде "ставкаларын", "ставкалары", "ставка" сөздері "мөлшерлемелерін", "мөлшерлемелері", "мөлшерлеме" сөздерімен ауыстырылды, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді – Ақтөбе облыстық мәслихатының 30.05.2017 № 160 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Кодексiнің 576-бабының 8-тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 5-тармағына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақтөбе облыстық мәслихатының 22.02.2018 № 255 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес арттырылсын.
қосымшаның 6 тармағының 1.1 тармақшаларынан басқа 2, 4, 5, 6, 6-1 тармақтарындағы қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелері екі есеге арттырылсын.
Ескерту. 1 тармағына өзгерту енгізілді - Ақтөбе облыстық мәслихатының 2011.12.07 № 436 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң колданысқа енгізіледі); 2012.01.25 № 14 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң колданысқа енгізіледі); 12.12.2016 № 85 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 01.03.2019 № 385 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.2. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелерін төлеушілердің назарына жеткізу "Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" ММ-не (келісім бойынша) ұсынылсын.
Ескерту. 2 тармағына өзгерту енгізілді - Ақтөбе облыстық мәслихатының 2011.12.07 № 436 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң колданысқа енгізіледі).3. "2010 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын арттыру туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3307 тіркелген, 2010 жылғы 19 қаңтардағы "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінің № 6-7 жарияланған) облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 234 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 қаңтардан басталған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Сессия төрағасы, Облыстық мәслихаттың хатшысы |
Б.ОРДАБАЕВ |
2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 337 облыстық мәслихаттың шешіміне қосымша |
Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелері
Ескерту. Қосымшасының атауына өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облыстық мәслихатының 2011.12.07 № 436 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң колданысқа енгізіледі).
1. Төлемақы мөлшерлемелері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерiн негiзге ала отырып айқындалады.
2. Тұрақты көздерден ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с№ | Ластағыш заттардың түрлері | 1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) | 1 килограмм үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Күкірт тотықтары | 20 | |
2. | Азот тотықтары | 20 | |
3. | Шаң және күл | 10 | |
4. | Қорғасын және оның қосындылары | 3986 | |
5. | Күкіртсутек | 124 | |
6. | Фенолдар | 332 | |
7. | Көмірсутектер | 0,32 | |
8. | Формальдегид | 332 | |
9. | Көміртек тотықтары | 0,32 | |
10. | Метан | 0,02 | |
11. | Күйе | 24 | |
12. | Темір тотықтары | 30 | |
13. | Аммиак | 24 | |
14. | Алты валентті хром | 798 | |
15. | Мыс тотықтары | 598 | |
16. | Бенз(а)пирен | 996,6 |
4. Қозғалмалы көздерден атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с№ | Отын түрлері | Пайдаланылған отынның 1 тоннасы үшін мөлшерлеме (АЕК) |
1 | 2 | 3 |
1. | Этилденбеген бензин үшін | 0,66 |
2. | Дизель отыны үшін | 0,9 |
3. | Сұйытылған, сығылған газ, керосин үшін | 0,48 |
5. Ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с№ | Ластағыш заттардың түрлері | 1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) |
1 | 2 | 3 |
1. | Нитриттар | 1340 |
2. | Мырыш | 2680 |
3. | Мыс | 26804 |
4. | Оттекке биологиялық сұраныс | 8 |
5. | Тұзды аммоний | 68 |
6. | Мұнай өнімдері | 536 |
7. | Нитраттар | 2 |
8. | Жалпы темір | 268 |
9. | Сульфаттар (анион) | 0,8 |
10. | өлшенген заттар | 2 |
11. | Синтетикалық бетүсті-белсенді заттар | 54 |
12. | Хлоридтер (анион) | 0,2 |
13. | Алюминий | 54 |
6. Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
р/с | Қалдықтардың түрлері | Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) | |
1 тонна үшін | 1 гигабеккерель (Гбк) үшін | ||
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы бөлінген орындарда орналастырғаны үшін: | ||
1.1. | Коммуналдық қалдықтар (тұрмыстық қатты қалдықтар, тазарту құрылыстарының кәріздік тұнбасы) | 0,19 | |
1.2. | Осы тармақтың 1.3-жолында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, қауіптілік деңгейі ескеріле отырып, қалдықтар: | ||
1.2.1. | "қызыл" тізім | 14 | |
1.2.2. | "жақұт" тізім | 8 | |
1.2.3. | "жасыл" тізім | 2 | |
1.2.4. | сыныпталмағандар | 0,9 | |
1.3. | Төлемақысы есептелген кезде белгіленген қауіптілік деңгейі ескерілмейтін қалдықтар: | ||
1.3.1. | Тау-кен өндіру өнеркәсібінің және карьерлерді игеру қалдықтары (мұнай мен табиғи газды өндіруден басқа): | ||
1.3.1.1. | аршынды жыныстар | 0,004 | |
1.3.1.2. | жанас таужыныстары | 0,026 | |
1.3.1.3. | байыту қалдықтары | 0,02 | |
1.3.1.4. | шлактар, шламдар | 0,038 | |
1.3.2. | Құрамында пайдалы қазбалар бар кенді, концентраттарды, агломераттарды және шекемтастарды қайта өңдеу, қорытпалар мен металдар өндірісі кезінде металлургиялық қайта жасауда түзетілетін шлактар, шламдар | 0,038 | |
1.3.3. | күл мен күлшлактар | 0,66 | |
1.3.4. | ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары, оның ішінде көң, құс саңғырығы | 0,001 | |
2. | Радиоактивті қалдықтарды орналастырғаны үшін, гигабеккерельмен (Гбк): | ||
2.1. | Трансуранды | 0,76 | |
2.2. | Альфа-радиоактивті | 0,38 | |
2.3. | Бета-радиоактивті | 0,04 | |
2.4. | Шынақты радиоактивті көздер | 0,38 |
6-1. Мұнай операцияларын жүргізу кезінде түзілетін күкіртті орналастырғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері бір тонна үшін 7,54 айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Ескерту. Қосымша 6-1 тармағымен толықтырылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 2012.01.25 № 14 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң колданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - Ақтөбе облыстық мәслихатының 22.02.2018 № 255 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).