1. Ақтөбе қаласы әкімдігінің мына қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 4785 "Ақтөбе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атауын өзгерту туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4656 тіркелген, 2016 жылғы 31 желтоқсанда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған);
2) Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 4786 "Ақтөбе қалалық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесін құру туралы" мемлекеттік мекемесінің атауын өзгерту туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу мерзілімінде № 4654 тіркелген, 2016 жылғы 31 желтоқсанда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған).
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | І.Испанов |