"Ақтөбе қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесін құру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 4786 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 25 желтоқсанда № 4654 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 5491 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 20.12.2016 № 5491 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Ақтөбе қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған "Ақтөбе қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ.М.Әлімовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Б.Сағын

  Ақтөбе қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 4желтоқсандағы
№ 4786 қаулысымен бекітілген

"Ақтөбе қаласының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Ақтөбе қаласының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 
      2. "Ақтөбе қаласының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің ведомствалары жоқ.
      3. "Ақтөбе қаласының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Ақтөбе қаласының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Ақтөбе қаласының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Ақтөбе қаласының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Ақтөбе қаласының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен, "Ақтөбе қаласының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Ақтөбе қаласының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 030007, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі 4 "А".
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Ақтөбе қаласының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Ақтөбе қаласының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Ақтөбе қаласының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады. 
      13. "Ақтөбе қаласының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Ақтөбе қаласының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Ақтөбе қаласының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Ақтөбе қаласының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Ақтөбе қаласы аумағында жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, коммуникация саласында мемлекет саясатын жүзеге асыру.
      15. Міндеттері: жолаушылар тасымалын, жолдарды салу және жөндеу, бағдаршам мен жол белгілерін орнату және күтіп-ұстау жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру.
      16. Функциялары: 
      1) Қазақстан Республикасының көлік саласы заңнамасына сәйкес жолаушылар тасымалын ұйымдастырады;
      2) Ақтөбе қаласының жолдардын салуды, пайдалануды және күтiп ұстауды ұйымдастырады;
      3) жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық, қала маңындағы тасымалдауларды ұйымдастырады, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар ұйымдастырады және өткiзедi; 
      4) жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық, қала маңындағы автомобильмен тасымалдау маршруттарының тiзiлiмiн жүргiзедi;
      5) таксимен тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асыру бастасы туралы хабарлама берген жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді;
      6) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы және концессиялар туралы заңдарына сәйкес жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, жер асты және жер үсті жаяу жүргіншілер өткелдерін салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп ұстау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;
      7) Ақтөбе қаласының коммуналдық меншігіндегі жолдарды және жол кәсіпорындарын басқарады;
      8) Ақтөбе қаласында жалпыға ортақ автомобиль жолдарын, көшелерді салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      9) салу, реконструкциялау, күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталған жолды пайдалануға қабылдау жұмысы және мемлекеттік қабылдау комиссиясының жұмысын ұйымдастырады;
      10) "Ақтөбе қаласының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің балансында тұрған объектілерге жер актілерін, техникалық паспорттарын әзірлеу, оларды әділет органдарында тіркеу жұмыстарын ұйымдастырады.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) мемлекеттің мүдделерін ұсыну және соттарда, барлық меншік нысанындағы ұйымдарда оның мүліктік құқықтарын қорғау;
      2) жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы қызметтерді жетілдіру туралы қала әкіміне және атқарушы органдарға ұсыныстар енгізу;
      3) мемлекеттік органдардан және басқада мекемелерден "Ақтөбе қаласының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру мақсатында мәліметтерді сұрату және алу; 
      4) "Ақтөбе қаласының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің құзіретіне қатысты қала әкімнің өкімін, қала әкімдігінің қаулысын, шешімін, маслихат шешімдерінің жобаларын даярлауға қатысу;
      5) жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласын дамытуда, инвестицияларды тартуда ортақ стратегияны қалыптастыру және іске асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Ақтөбе қаласының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Ақтөбе қаласының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Ақтөбе қаласының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Ақтөбе қаласының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      21. "Ақтөбе қаласының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) "Ақтөбе қаласының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
      2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес "Ақтөбе қаласының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және ұйымдық шартқа сәйкес "Ақтөбе қаласының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін марапаттайды, материалдық көмек көрсетеді және оларға тәртіптік жаза қолданады;
      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда "Ақтөбе қаласының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің атынан әрекет етеді;
      5) "Ақтөбе қаласының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесі таратылған кезде құжаттарды мемлекеттік сақтауға тапсыру үшін құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді.
      "Ақтөбе қаласының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаларға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. "Ақтөбе қаласының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Ақтөбе қаласының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Ақтөбе қаласының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақтөбе қаласының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Ақтөбе қаласының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады