1. Әйтеке би ауданында тұрақты тұратын 2016 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Шақыруды жүргізу жөніндегі іс-шараларды орындауға байланысты шығындар жергілікті бюджет қаржылары есебінен жүзеге асырылсын.
3. Ұсынылсын:
1) "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Әйтеке би аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны (келісім бойынша) шақыру бойынша іс-шараларды жүргізсін;
2) "Ақтөбе облысының ішкі істер департаменті Әйтеке би ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асырсын;
3) Қазақстан Республикасының қорғаныс министрлігінің "Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі, мемлекеттік мекемелермен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген құзыреті шегінде шақыруға байланысты іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етсін.
4. Ауылдық округтер әкiмдерi, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар және оқу орындарының басшылары шақырылушыларға оларды шақыру учаскесіне шақырылғаны туралы хабарлауды және осы шақыру бойынша адамдардың дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Т.Рахметовке және Қазақстан Республикасының қорғаныс министрлігінің "Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің бастығы Р.Балтеміровке жүктелсін.
6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А.БЕРДАЛИН |