Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 02.03.2018 № 193 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 386, 444 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 11 мамырдағы № 33 "Әйтеке би ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және біріңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (номативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4940 тіркелген, 2016 жылғы 2 маусымдағы аудандық "Жаңалық Жаршысы" газетінде жарияланған) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1 тармағында:
"Әйтеке би ауданында" сөздерінен кейін "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес" сөздерімен толықтырылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихан | Аудандық мәслихаттың |
сессия төрағасы | хатшысы |
Б.Сейлханов | Е.Б.Таңсықбаев |