Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27, 50 баптарына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Әйтеке би аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. "Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Әйтеке би ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы шешімді Әйтеке би ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әйтеке би аудандық мәслихатының | Әйтеке би аудандық хатшысы |
сессия мәслихатының төрағасы | хатшысы |
А. Т. Еренов | Е. Б. Таңсықбаев |
Әйтеке би аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 2 наурыздағы № 193 шешіміне қосымша |
Әйтеке би аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған шешімдерінің тізбесі
1. Әйтеке би аудандық мәслихатының 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 98 "Тіркелген салық мөлшерлемелерінің мөлшерін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-2-70 тіркелген, 2009 жылғы 5 наурызда аудандық "Жаңалық жаршысы" газетінде жарияланған) шешімі;
2. Әйтеке би аудандық мәслихатының 2009 жылғы 21 сәуірдегі № 123 "Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 98 "Тіркелген салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-2-76 тіркелген, 2009 жылғы 14 мамырда аудандық "Жаңалық жаршысы" газетінде жарияланған) шешімі;
3. Әйтеке би аудандық мәслихатының 2017 жылғы 17 ақпандағы № 104 "Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 98 "Тіркелген салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5309 тіркелген, 2017 жылғы 30 наурызда аудандық "Жаңалық жаршысы" газетінде жарияланған) шешімі;
4. Әйтеке би аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 мамырдағы № 33 "Әйтеке би ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4940 тіркелген, 2016 жылғы 02 маусымдағы аудандық "Жаңалық жаршысы" газетінде жарияланған) шешімі;
5. Әйтеке би аудандық мәслихатының 2016 жылдың 29 желтоқсандағы № 95 "Әйтеке би ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" 2016 жылғы 11 мамырдағы № 33 аудандық мәслихаттың шешіміне толықтыру енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5232 тіркелген, 2017 жылғы 26 қаңтарда аудандық "Жаңалық жаршысы" газетінде жарияланған) шешімі.