1. Жабасақ селолық округі әкімінің мемлекеттік тіліндегі 2008 жылғы 26 маусымдағы № 2 "Көшелерге атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-2-52 тіркелген, 2008 жылғы 14 тамыздағы аудандық "Жаңалық жаршысы" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген мемлекеттік тіліндегі шешімнің деректемелерінде және бүкіл мәтіні бойынша "селолық", "селосы" сөздері "ауылдық", "ауылы" сөздерімен ауыстырылсын;
мемлекеттік тіліндегі шешімнің кіріспе бөлігіндегі ", Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы" қаулысына" сөздері алынып тасталынсын;
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жабасақ ауылдық | |
округінің әкімі | Т.Жусупов |