Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес Жабасақ ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Жабасақ ауылдық округінің әкімінің 27.06.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.03.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
1. Жабасақ ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып, Жабасақ ауылы, Аққұм, Байжанкөл елді мекендердегі көше атаулары қайта аталсын:
Жабасақ ауылдық округіне Аққұм елді мекеніне
1. Бейбітшілік 1.Темірбек Жүргенов
2. Самырат 2.Тілеумұрат Кішкентаев
3. Темірбек Жүргенов 3.Алмат - Самырат
4. Бауыржан Момышұлы
5. Әйтеке би
Қарасу елді мекеніне Байжанкөл елді мекеніне
1. Мұхтар Әуезов 1. Абай Құнанбаев
2. Балқы базар 2. Сәбит Мұқанов
2. Тоқтар Әубәкіров көшесі қазақтың қамын ойлаған қайраткер, қуғын – сүргіннің құрбаны болған Ұ.Құлымбетов есімімен аталсын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жабасақ ауылдық округ әкімі: | Т. Жүсіпов |