Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 18.11.2021 № 280 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31- бабына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексiнiң 18 және 139 баптарына сәйкес Байғанин аудандық әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Азаматтық қызметшiлер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi қосымшаға сәйкес айқындалсын.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 18.11.2021 № 280 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Ш.Спановаға жүктелсiн.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкiмi | М.Аққағазов |
Байғанин аудандық мәслихатының хатшысы |
Б.Тұрлыбаев |
"18" сәуір 2016 жыл |
Байғанин ауданы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 18 сәуірдегі № 67 қаулысына қосымша |
Байғанин ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 01.11.2023 № 234 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Мәдениет саласы |
Ауылдық маңызы бар ММ және МҚК басшысы (директоры) |
ММ және МҚК біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы мамандар: |
ММ және МҚК біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мамандар: |
ММ және МҚК біліктілігі орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы мамандар: |
ММ және МҚК біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандар: |
Әлеуметтік қамсыздандыру саласы |
ММ және МҚК біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы мамандар: |
ММ және МҚК біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мамандар: |
ММ және МҚК біліктілігі орташа деңгейдегі бірінші, екінші санаттағы мамандар: |
ММ және МКҚ біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандар: |
Техникалық орындаушылар: Мансап орталығының ассистенті |
Спорт саласы |
Аудандық маңызы бар ММ және МҚК басшысы |
Аудандық маңызы бар ММ және МҚК басшысының орынбасары |
Біліктіліктегі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мамандар: |
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
Ауылдық маңызы бар ММ – бұл ауылдық округтің, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кент пен ауылдың жергілікті атқарушы органдар қарамағындағы мемлекеттік мекемелері;
Ауылдық маңызы бар МҚК – бұл ауылдық округтің, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кент пен ауылдың жергілікті атқарушы органдар қарамағындағы мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары;
Аудандық маңызы бар ММ – бұл аудандар, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдар қарамағындағы мемлекеттік мекемелері;
Аудандық маңызы бар МҚК – бұл аудандар, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдар қарамағындағы мемлекеттік қазыналық кәсіпорнындары.