Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің "Азаматтық қызметшiлер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы" 2016 жылғы 18 сәуірдегі № 67 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 2021 жылғы 18 қарашадағы № 280 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 22 қарашада № 25289 болып тіркелді

      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің "Азаматтық қызметшiлер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы" 2016 жылғы 18 сәуірдегі № 67 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4891 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық қызметшiлер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы";

      қаулының 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Азаматтық қызметшiлер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi қосымшаға сәйкес айқындалсын";

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы Байғанин ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Байғанин ауданының әкімі К. Утаров
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Байғанин аудандық мәслихаты

  Байғанин ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 18 қарашадағы № 280 қаулысына қосымша
  Байғанин ауданы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 18 сәуірдегі № 67 қаулысына қосымша

Байғанин ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

Мәдениет саласы

Ауылдық маңызы бар ММ және МҚК басшылары (директорлары)

ММ және МҚК біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы мамандар:
библиограф, кітапханашы, дыбыс режиссері, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), ұжым (үйірме) басшысы, музыкалық жетекші, режиссер, қоюшы-режиссер

ММ және МҚК біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мамандар:
библиограф, кітапханашы, дыбыс режиссері, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), ұжым (үйірме) басшысы, музыкалық жетекші, режиссер, қоюшы- режиссер, хореограф

ММ және МҚК біліктілігі орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы мамандар:
библиограф, кітапханашы, дыбыс режиссері, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), ұжым (үйірме) басшысы, музыкалық жетекші, режиссер, қоюшы-режиссер

ММ және МҚК біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандар:
библиограф, кітапханашы, дыбыс режиссері, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), ұжым (үйірме) басшысы, музыкалық жетекші, режиссер, қоюшы-режиссер, хореограф

Әлеуметтік қамсыздандыру саласы

ММ және МҚК біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы мамандар:
әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты, қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балалар мен 18 жастан асқан мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер

ММ және МҚК біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мамандар:
әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты, қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балалар мен 18 жастан асқан мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент

ММ және МҚК біліктілігі орташа деңгейдегі бірінші, екінші санаттағы мамандар:
халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты, қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балалар мен 18 жастан асқан мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер

ММ және МКҚ біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандар:
халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты, қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балалар мен 18 жастан асқан мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент

Техникалық орындаушылар: халықты жұмыспен қамту орталығының ассистенті

Спорт саласы

Аудандық маңызы бар ММ және МҚК басшысы

Аудандық маңызы бар ММ және МҚК басшысының орынбасары

ММ және МҚК біліктіліктегі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мамандар:
әдіскер, жаттықтырушы-оқытушы, нұсқаушы-спортшы

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      Ауылдық маңызы бар ММ – бұл ауылдық округтің, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кент пен ауылдың жергілікті атқарушы органдар қарамағындағы мемлекеттік мекемелері;

      Ауылдық маңызы бар МҚК – бұл ауылдық округтің, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кент пен ауылдың жергілікті атқарушы органдар қарамағындағы мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары;

      Аудандық маңызы бар ММ – бұл аудандар, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдар қарамағындағы дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік мекемелері;

      Аудандық маңызы бар МҚК – бұл аудандар, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдар қарамағындағы дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік қазыналық кәсіпорнындары.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады