2016 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 18 сәуірдегі № 68 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 12 мамырда № 4914 болып тіркелді. 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болды

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 27 бабының 3 тармағына, 28 бабының 1, 3 тармақтарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 229 "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2016 жылдың сәуір–маусымында және қазан–желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Жарлығының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 209 "Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 229 "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2016 жылдың сәуір–маусымында және қазан–желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Жарлығын іске асыру туралы" қаулысына сәйкес, Байғанин аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2016 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Шақыруды жүргізу жөніндегі іс-шараларды орындауға байланысты шығындар жергілікті бюджет қаржылары есебінен жүзеге асырылсын.
      3. Ұсынылсын:
      1) Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Байғанин орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны (келісім бойынша) шақыру бойынша іс-шаралар жүргізсін;
      2) Ақтөбе облысының ішкі істер Департаменті Байғанин ауданының ішкі істер бөлімі мемлекеттік мекемесі" (келісім бойынша) мерзімді әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асырсын.
      4. Ауылдық округ әкімдері, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдардың және оқу орындарының басшылары әскерге шақырылушыларды "Ақтөбе облысы Байғанин ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" Республикалық мемлекеттік мекемесіне шақырылғаны туралы хабардар етілуін және азаматтарды жеткізуді қамтамасыз етсін.
      5. "Ақтөбе облысы Байғанин ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" Республикалық мемлекеттік мекемесі шақыру қорытындысы туралы 2016 жылдың 5 шілдесінде және 2017 жылдың 5 қаңтарында аудан әкіміне ақпарат ұсынсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ш.Спановаға және "Ақтөбе облысы Байғанин ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" Республикалық мемлекеттік мекемесінің бастығы міндетін атқарушы С.Алпысбаевқа жүктелсін.
      7. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
      Аудан әкімі М.Аққағазов

Об организации и обеспечении проведения призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2016 года.

Постановление акимата Байганинского района Актюбинской области от 18 апреля 2016 года № 68. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 12 мая 2016 года № 4914. Срок действия постановления – до 1 января 2017 года

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 3 статьи 27, пунктами 1, 3 статьи 28, Закона Республики Казахстан от 16 февраля 2012 года "О воинской службе и статусе военнослужащих", Указом Президента Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года № 229 "Об увольнении в запас военнослужащих срочной воинской службы, выслуживших установленный срок воинской службы, и очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2016 года", Постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2016 года № 209 "О реализации Указа Президента Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года № 229 "Об увольнении в запас военнослужащих срочной воинской службы, выслуживших установленный срок воинской службы, и очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2016 года", акимат Байганинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Организовать и обеспечить проведение призыва на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2016 года граждан мужского пола в возрасте от восемнадцати до двадцати семи лет, не имеющих права на отсрочку или освобождение от призыва, а также граждан, отчисленных из учебных заведений, не достигших двадцати семи лет и не выслуживших установленные сроки воинской службы по призыву.
      2. Расходы, в связи с выполнением мероприятий по проведению призыва осуществляются за счет средств местного бюджета.
      3. Рекомендовать:
      1) Государственному коммунальному предприятию "Байганинская центральная районная больница" на праве хозяйственного ведения государственного учреждения "Управление здравоохранения Актюбинской области" (по согласованию) провести мероприятия по призыву;
      2) Государственному учреждению Байганинскому районному отделу внутренних дел Департамента внутренных дел Актюбинской области (по согласованию) осуществлять розыск и задержание лиц, уклоняющихся от выполнения воинской обязанности.
      4. Акимам сельских округов, руководителям предприятий, учреждений, организаций и учебных заведений обеспечить оповещение призывников о вызове их на призывной пункт в Республиканское государственное учреждение "Отдел по делам обороны Байганинского района Актюбинской области" и своевременное прибытие лиц по этому вызову.
      5. Республиканскому государственному учреждению "Байганинский районный отдел по делам обороны Актюбинской области" представить информацию о результатах призыва акиму района к 5 июля 2016 года и к 5 января 2017 года.
      6. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Ш.Спановой и исполняющего обязанности начальника Республиканского государственного учреждения "Байганинский районный отдел по делам обороны Актюбинской области" С.Алпысбаева.
      7. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования и распространяется на правовые отношения, возникшие с 1 апреля 2016 года.
      Аким района М.Аккагазов