1. 2016 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Шақыруды жүргізу жөніндегі іс-шараларды орындауға байланысты шығындар жергілікті бюджет қаржылары есебінен жүзеге асырылсын.
3. Ұсынылсын:
1) Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Байғанин орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны (келісім бойынша) шақыру бойынша іс-шаралар жүргізсін;
2) Ақтөбе облысының ішкі істер Департаменті Байғанин ауданының ішкі істер бөлімі мемлекеттік мекемесі" (келісім бойынша) мерзімді әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асырсын.
4. Ауылдық округ әкімдері, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдардың және оқу орындарының басшылары әскерге шақырылушыларды "Ақтөбе облысы Байғанин ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" Республикалық мемлекеттік мекемесіне шақырылғаны туралы хабардар етілуін және азаматтарды жеткізуді қамтамасыз етсін.
5. "Ақтөбе облысы Байғанин ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" Республикалық мемлекеттік мекемесі шақыру қорытындысы туралы 2016 жылдың 5 шілдесінде және 2017 жылдың 5 қаңтарында аудан әкіміне ақпарат ұсынсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ш.Спановаға және "Ақтөбе облысы Байғанин ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" Республикалық мемлекеттік мекемесінің бастығы міндетін атқарушы С.Алпысбаевқа жүктелсін.
7. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Аудан әкімі | М.Аққағазов |