Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7 тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ырғыз аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2016 жылғы 10 наурыздағы № 16-07/81 ұсынысы негізінде Жайсаңбай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жайсаңбай ауылдық округінің "Атан өлген-Ақтікен" мал қыстағындағы "Сартай батыр" шаруа қожалығы аумағында мүйізді ірі қара малдары арасынан қарасан ауруының анықталуына байланысты карантин белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жайсаңбай ауылдық округінің әкімі: | Ғ. БАЙТАҚОВ |