Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 26.03.2018 № 148 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Шешімнің деректемелерінде, атауында, мәтіні бойынша орыс тілінде "Хобдинского", "Хобдинскому", "Хобдинский" сөздері "Кобдинского", "Кобдинскому", "Кобдинский" сөздерімен ауыстырылды, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді – Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 22.12.2017 № 129 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексінің 386, 444 баптарына сәйкес, Қобда аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қобда ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының жер заңнамаларына сәйкес он есеге жоғарылатылсын.
Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 02.12.2016 № 48 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессияның төрайымы |
Аудандық мәслихат хатшысы |
Г.БАЛГАРИНА | Ж.ЕРГАЛИЕВ |