Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 26.03.2018 № 148 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Шешімнің деректемелерінде, атауында, мәтіні бойынша орыс тілінде "Хобдинского", "Хобдинскому", "Хобдинский", "Хобдинском" сөздері "Кобдинского", "Кобдинскому", "Кобдинский", "Кобдинском" сөздерімен ауыстырылды, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді – Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 22.12.2017 № 129 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) кодексінің 386, 444 – баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 - бабына сәйкес, Қобда аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 24 наурыздағы № 11 "Қобда ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4839 санымен тіркелген, 2016 жылғы 14 сәуірде "Қобда" газетінде жарияланған) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1 тармағында:
"бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері" сөздерінен кейін "Қазақстан Республикасының жер заңнамаларына сәйкес" сөздерімен толықтырылсын.
2..Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессияның төрайымы |
Аудандық мәслихат хатшысы |
Ж.АТАМҰРАТОВА | Ж.ЕРГАЛИЕВ |