"Қобда ауылындағы Желтоқсан көшесінің атауын өзгерту туралы" Қобда ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 28 тамыздағы № 43 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Ақтөбе облысы Қобда ауданы Қобда ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 13 қазандағы № 215 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 2 қарашада № 5118 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) -тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50-бабының 5-тармағына сәйкес, Қобда ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қобда ауылдық округінің әкімінің 2009 жылғы 28 тамыздағы № 43 мемлекеттік тіліндегі "Қобда ауылындағы Желтоқсан көшесінің атауын өзгерту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-7-76 санымен тіркелген, 2009 жылдың 22 қазанында аудандық "Қобда" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген мемлекеттік тіліндегі шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 -бабының 4) -тармақшасына сәйкес, сондай-ақ Қобда елді мекенінің ауыл тұрғындары конференциясының 2009 жылғы 10 тамызындағы хаттамасын басшылыққа ала отырып ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қобда ауылдық округінің әкімі Б. Утепов

О внесении изменения в решение акима Кобдинского сельского округа от 28 августа 2009 года № 43 "Қобда ауылындағы Желтоқсан көшесінің атауын өзгерту туралы"

Решение акима Кобдинского сельского округа Кобдинского района Актюбинской области от 13 октября 2016 года № 215. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 2 ноября 2016 года № 5118

      В соответствии со статьей 35 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 4) статьи 14 Закона "Об административно - территориальном устройстве Республики Казахстан", пунктом 2 статьи 50 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах", аким Кобдинского сельского округа РЕШИЛ:
      1. Внести в решение акима Кобдинского сельского округа от 28 августа 2009 года № 43 на государственном языке "Қобда ауылындағы Желтоқсан көшесінің атауын өзгерту туралы" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3-7-76, опубликованное 22 октября 2009 года в районной газете "Қобда") следующее изменение:
      преамбулу указанного решения на государственном языке изложить в новой редакции:
      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына сәйкес, сондай-ақ Қобда елді мекенінің ауыл тұрғындары конференциясының 2009 жылғы 10 тамызындағы хаттамасын басшылыққа ала отырып ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким Кобдинского сельского округа Утепов Б.