Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) -тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50-бабының 5-тармағына сәйкес, Қобда ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қобда ауылдық округінің әкімінің 2009 жылғы 28 тамыздағы № 43 мемлекеттік тіліндегі "Қобда ауылындағы Желтоқсан көшесінің атауын өзгерту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-7-76 санымен тіркелген, 2009 жылдың 22 қазанында аудандық "Қобда" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген мемлекеттік тіліндегі шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 -бабының 4) -тармақшасына сәйкес, сондай-ақ Қобда елді мекенінің ауыл тұрғындары конференциясының 2009 жылғы 10 тамызындағы хаттамасын басшылыққа ала отырып ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қобда ауылдық округінің әкімі | Б. Утепов |