Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Мәртөк аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринарлық – санитарлық инспекторы міндетін атқарушының 2016 жылғы 11 тамыздағы № 11-3/371 ұсынысы негізінде Тәңірберген ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ұсақ мүйізді малдарының арасында пастереллез ауруының анықталуына байланысты Мәртөк ауданы Тәңірберген ауылдық округінің Саржансай ауылы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тәңірберген ауылдық округ әкімі | Д. Тлеуов |