Тәңірберген ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 19 тамыздағы № 1 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Тәңірберген ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 7 қарашадағы № 2 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 24 қарашада № 5144 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37 баптарына сәйкес, "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Мәртөк аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 27 қазандағы № 11-3/563 "Тәңірберген ауылдық округі Саржансай ауылы ұсақ мүйізді малдарының арасында пастереллез ауруының анықталуына байланысты белгіленген шектеу іс-шараларын алу туралы" ұсынысы негізінде, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Тәңірберген ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 19 тамыздағы № 1 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5072 болып тіркелген, 2016 жылғы 22 қыркүйекте "Мәртөк тынысы" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ауылдық округ әкімі Д. Тлеуов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады