Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Сарыжар ауылдық округі әкімінің 07.03.2018 № 5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Мәртөк аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2016 жылғы 13 қыркүйектегі № 11-3/450 ұсынысы негізінде Сарыжар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ұсақ мүйізді малдарының арасында сарып ауруының анықталуына байланысты Мәртөк ауданы Сарыжар ауылдық округінің Сарыжар ауылы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сарыжар ауылдық округі әкiмiнің міндетін атқарушы |
Н. Черновская |