1. Алтықарасу ауылдық округінің "Ақтоғай" қыстағындағы "Дәурен" қожалығы аумағында мүйізді ірі қара малдарының арасынан бруцеллез ауруына жоспарлы ветеринарлық сауықтыру жұмыстарының атқарылуына байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.
2. Алтықарасу ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 14 шілдедегі № 2 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5026 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 тамыздағы "Темір" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Алтықарасу ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 24 қазандағы № 21 "Шектеу іс-шараларын алып тастау туралы" шешімі жойылсын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Алтықарасу ауылдық округінің әкімі | М. Шуиншалин |