1. Саркөл ауылдық округінің "Масло-Пром" қыстағындағы "Баймагамбет" қожалығы аумағында мүйізді ірі қара малдарының арасынан бруцеллез ауруына жоспарлы ветеринарлық сауықтыру жұмыстарының атқарылуына байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.
2. Саркөл ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 3 тамыздағы № 22 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5031 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 тамыздағы "Темір" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Саркөл ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 20 қазандағы № 27 "Шектеу іс-шараларын алып тастау туралы" шешімі жойылсын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Саркөл ауылдық округінің әкімі | К.У. Шалманов |