Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 - қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 37 - бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339- II "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес және Темір аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 18 мамырдағы № 14-01/102 ұсынысы негізінде Саркөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Саркөл ауылдық округінің "Масло-Пром" мал қыстағындағы "Баймагамбет" шаруа қожалығы аумағында ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Саркөл ауылдық округінің әкімі | К.У. Шалманов |