Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 31.08.2023 № 76 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Ойыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ойыл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 277 "Ойыл ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4724 тіркелген, 2016 жылғы 31 наурызда "Ойыл" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Қағиданың 7 тармағында:
"1 маусым - Балаларды қорғау күні" деген сөздер "қыркүйек айының екінші жексенбісі - Отбасы күні" деген сөздермен ауыстырылсын;
9 тармағының 8) тармақшасында:
"1 маусым - балаларды қорғау күніне орай" деген сөздер "қыркүйек айының екінші жексенбісі - Отбасы күніне орай" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы: | Р. Оралбаева |
Аудандық мәслихаттың хатшысы: | Б. Бисекенов |
Б. Бисенгалиева |