Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Хромтау ауданының әкімдігі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының 2016 жылғы 3 қаңтардағы № 1 хаттамасы негізінде, Хромтау ауданының аумағында қалыптасқан жағдайға байланысты, елді мекендердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету мақсатында Хромтау ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Хромтау ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Төтенше жағдайды жою басшылығын өзіме қалдырамын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргіземін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа еңгізіледі.
Хромтау ауданы әкімі | А. Усманғалиев |