Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 13.03.2019 № 292 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Шешімнің тақырыбына өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 04.01.2019 № 279 шешімімен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабына және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139 бабына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiленсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді – Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 15.05.2017 № 118 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін); өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 04.01.2019 № 279 шешімімен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың | Аудандық мәслихаттың |
сессия төрағасы | хатшысы |
Н.Қарағұлов | Д.Молдашев |