Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 19 "Хромтау ауданы бойынша азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарына жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 15 мамырдағы № 118 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 24 мамырда № 5506 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2019 жылғы 13 наурыздағы № 292 шешімі

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 13.03.2019 № 292 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабына және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139 бабына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 19 "Хромтау ауданы бойынша азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет спорт және ветеринария саласындағы мамандарына жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4934 тіркелген, 2016 жылдың 26 мамырында аудандық "Хромтау" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей толықтыру енгізілсін:

      орыс тіліндегі шешімнің 1 тармағында "Установить повышенные на двадцать пять процентов" сөзінен кейін "должностные" сөзімен толықтырылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Хромтау аудандық Хромтау аудандық
      мәслихатының мәслихатының
      сессия төрағасы хатшысы
      Ж.Мұқанбетжанов Д.Молдашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады