1. Облыс әкімдігінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы "Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 16 ақпанында № 3051 тіркелген, 2015 жылғы 7 наурызда № 29 "Жетісу", 2015 жылғы 7 наурызда №29 "Огни Алатау" газеттерінде жарияланған) № 54 қаулысымен бекітілген келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген Ереженің 9-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
"9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 040000, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, № 26.".
2. "Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және облыс әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Тұрдалиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы облысының әкімі | А. Баталов |