Облыс әкімдігінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы "Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" №54 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 80 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2016 жылы 18 наурызда № 3754 болып тіркелді

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 7-тармағына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Облыс әкімдігінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы "Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 16 ақпанында № 3051 тіркелген, 2015 жылғы 7 наурызда № 29 "Жетісу", 2015 жылғы 7 наурызда №29 "Огни Алатау" газеттерінде жарияланған) № 54 қаулысымен бекітілген келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген Ереженің 9-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын: 
      "9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 040000, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, № 26.".
      2. "Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және облыс әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Тұрдалиевке жүктелсін. 
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Алматы облысының әкімі А. Баталов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады