"Алматы облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 84 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2016 жылы 18 наурызда № 3756 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 340 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 30.06.2016 № 340 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қантардағы Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының 4-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Алматы облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Алматы облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі (бұдан әрі – Ереже) қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. "Алматы облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында тіркеуді және ресми жариялануын әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын интернет-ресурста және облыс әкімдігінің интернет-ресурсында, сондай-ақ, облыс әкімдігінің нормативтік құқықтық қаулыларын және облыс әкімінің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспа басылымы "Жетісу және Огни Алатау" газеттерінде жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы Дүйсембінов Сұлтан Мырзабекұлына жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі А. Баталов

  Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы "18" ақпандағы № 84 қаулысымен бекітілді

"Алматы облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Алматы облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі -Аппарат), облыс әкімдігі қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру – құқықтық тұрғыдан алып жүруді және облыс әкімін материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Алматы облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Алматы облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Алматы облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Алматы облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Алматы облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Алматы облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Алматы облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 040000, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, № 38.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы:
      мемлекеттік тілде: "Алматы облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілінде: государственное учреждение "Аппарат акима Алматинской области".
      Мемлекеттік органның қысқартылған атауы:
      мемлекеттік тілде: "Алматы облысы әкімінің аппараты" ММ;
      орыс тілінде: ГУ "Аппарат акима Алматинской области".
      10. Осы Ереже "Алматы облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Алматы облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. "Алматы облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне "Алматы облысы аппараты" мемлекеттік мекесінің функциясы болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субьектілермен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер, "Алматы облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, ондай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Алматы облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. "Алматы облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы аймақты тұрақты экономикалық дамыту, жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік басқару сапасын арттыру мақсатында облыс әкімдігінің ұйымдастырушылық-құқықтық жұмысына ақпараттық-талдау жасауды және облыс әкімінің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асыру болып табылады.
      14. Міндеттері:
      1) облыс әкімдігі мен облыс әкімінің қызметін ақпараттық - талдау және құқықтық тұрғыдан қамтамасыз ету;
      2) облыс әкіміне қаржылық, шаруашылық және материалдық-техникалық қызмет көрсету;
      3) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесімен, Қазақстан Республикасының Парламентімен, облыстың өкілетті және атқарушы органдарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық ұйымдармен, заңды тұлғалармен және азаматтармен өзара байланысты қамтамасыз ету.
      15. Функциялары:
      1) әкімшілік-ұйымдастырушылық және құқықтық:
      Қазақстан Республикасының Үкіметі актілерінің, облыс әкімдігі мен облыс әкімі актілерінің орындалуын ұйымдастыру, және қамтамасыз ету, олардан облыс аумағында орындалуына бақылау жасау;
      барлық деңгейдегі атқарушы билік органдарымен қарым - қатынас жасау, олардың облыс әкімдігі мен облыс әкімі актілерінің жобасын дайындау үшін ақпараттар, облыстың әлеуметтік-экономикадық саясатын қалыптастыратын тұжырымдамалар мен болжамдар алу, оларды дайындау мен сараптауға қатысу;
      жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметінің аясын, өкілеттілігін және жауапкершілігін айқындайтын ұсыныстар әзірлеу, олардың жұмыс стилі мен әдістерін жақсарту жөніндегі мәселелер шешу;
      әкім мен оның орынбасарларының қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету, облыс әкімдігі мен облыс әкімінің актілерін уақытында ресімдеу, оларды жергілікті атқарушы органдары мен облыстың басқа да мемлекеттік органдарына, кәсіпорындарға , ұйымдар мен мекемелерге жеткізу;
      облыстық маңызы бар қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдардың азаматтық хал актілерін тіркеу саласы бойынша жұмысын ұйымдастыру;
      Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігіне азаматтық хал актілерін тіркеу бойынща мәліметтерді тапсыру мен жинақтауды қамтамасыз ету;
      қызметтік құжаттарды, хаттарды, заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау, азаматтардың жеке мәселелері бойынша қабылдауын ұйымдастыру;
      2) ақпараттық-талдау:
      әкімге және оның орынбасарларына облыстың әлеуметтік-экономикалық даму жағдайына сипаттама беретін материалдар дайындау;
      әкімнің қызметі туралы материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;
      3) кадрлық:
      облыста кадрлық саясатты жүзеге асыру;
      мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру және жетілдіру;
      мемлекеттік қызметшілер кадрларының жағдайына мониторинг жүргізу, сондай-ақ облыстық деректер базасын құру және кадрлар резервін қалыптастыру;
      мемлекеттік қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, сондай-ақ шетелде оқыту мәселелері бойынша жергілікті мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру, облыс әкімімен тағайындалатын және босатылатын лауазымдар тізбесіне кіретін кадрлық құрам бойынша ұсыныстар даярлау және енгізу;
       "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының сақталуын, мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулерді сақтау мәселесі бойынша бақылауды жүзеге асыру, мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін, еңбек кітапшаларын (қызмет тізімдерін) жүргізу;
      4) ішкі аудит қызметі:
       қаржылық есептілікке аудит жүргізуге қатысу;
       мемлекеттік органда, оның аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында олардың қызметінің барлық бағыттары бойынша тиімділік аудитін жүргізу;
       мемлекеттік органның ішкі процестерінің (бизнес-процестерінің) тәуекелдерін басқару жүйесі негізінде мемлекеттік органда, оның аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарында ішкі бақылау және басқару жүйесінің жұмыс істеуін бағалауды жүзеге асыру;
       бюджет шығыстарымен өзара байланыста мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының және аумақтарды дамыту бағдарламаларының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуін талдау, "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес басқа да функциялар;
      5) мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар:
      мемлекеттік қызмет көрсету және ақпараттық технологиялар бойынша жұмысты үйлестіру;
      тәжірибелік көмек пен мемлекеттік қызмет көрсету және ақпараттық технологиялар бойынша жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік органдардың қызметіне талдау жүргізу;
      6) гендерлік саясат:
      Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның басымдықтары мен ұсыныстарына сәйкес әйелдерге қатысты кешенді өңірлік (облыстық) бағдарламаларды Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясына, Қазақстан Республикасында гендерлік теңдіктің 2006-2016 жылдарға арналған Стратегиясына сәйкес қалыптастыру.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) мемлекеттік органдардан, меншік түріне қарамастан барлық кәсіпорындардан, мекемелер мен ұйымдардан облыс әкімінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша қажетті ақпарат, ауызша және жазбаша түсіндірмелер алады. Облыстың мемлекеттік органдары мен жергілікті атқарушы органдарына орындауға міндетті тапсырмалар береді;
      2) жергілікті мемлекеттік органдарда Елбасының, облыс әкімдігі мен облыс әкімінің актілері мен тапсырмаларының орындалу барысына тексеру жүргізеді, жіберілген бұзушылықтар мен кемшіліктерді жоюды талап етеді, тиісті лауазымды тұлғалардың ауызша түсініктемесін тыңдайды және жазбаша түсініктемелерін сұратып алады;
      3) облыс әкіміне облыстың жергілікті атқарушы органдарының басшыларын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізеді;
      4) мемлекеттік органдармен, сондай-ақ ұйымдармен Аппараттың құзыретіне жататын мәселелер бойынша қызметтік хат алмасу;
      5) басқармалар, департаменттер және басқа да облыстық қызметтердің алқа мәжілістеріне, комиссия отырыстарына, кеңестеріне қатысады;
      6) басшылықтың тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдардың, кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлерін облыс әкімдігінің құзыретіне жататын мәселелерді шешуге қатыстырады;
      7) Қазақстан Республикасы заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі актілерінде көзделген басқа да функцияларды, сондай-ақ облыс әкімінің тапсырмаларын орындайды.
      Аппараттың қажетті құжаттарды, материалдарды, хабарламаларды, жазбаша түсініктемелерді, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын органдардың лауазымды тұлғалары беруі жөніндегі талабы, Аппарат олардың өзге орындау мерзімін белгілемеген жағдайда, заңнамада белгіленген мерзімде орындауға жатады.

3. "Алматы облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметін ұйымдастыру

      17. "Алматы облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін басқаруды мекеменің басшысы жүзеге асырады, ол "Алматы облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін басқаруды мекеменің бірінші басшысы жүзеге асырады, ол "Алматы облысы әкімінің апппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және өз қызметін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
      18. "Алматы облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысын лауазымына облыс әкімі тағайындайды және босатады.
      19. "Алматы облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы Аппаратта сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдайды және жемқорлыққа қарсы күрес шараларын қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады.
      20. "Алматы облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымына тағайындалатын және босатылатын орынбасарлары болады.
      21. "Алматы облысы әкімінің аппараты" басшысы қызметінің ұйымдастырылуы:
      1) Аппаратқа жүктелген мақсаттарды іске асыруды ұйымдастырады;
      2) өз құзыреті шегінде аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады,,.үйлестіреді..және..бақылайды;
      3) Аппараттың құрылымы мен штат кестесін, оның құрылымдық бөлімшелері туралы..ережені..бекітеді;
      4) Аппараттағы "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады;
      5) Аппараттың тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы...басшылықты..жүзеге..асырады;
      6) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      7) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, аппараттың мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, оларға демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, оларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар...белгілеу..мәселелерін..шешеді;
      8) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, Аппараттың мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауаптылығы мәселелерін шешеді;
      9) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
      10) облыстың жергілікті атқарушы органдары қабылдаған шешімдердің орындалу барысын бақылайды;
      11) Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерінде жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      22. "Алматы облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының құзыреті:
      1) облыс әкімінің орынбасарлары арасында міндеттер бөлінісі бойынша:
      Аппарат қызметкерлерінің, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдары мен басшыларының лауазымдық еңбекақыларына үстемақы мен қосымша ақылар қосу бойынша;
      Аппараттың жұмысын жоспарлау мәселесі бойынша:
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес басқа да мәселелер бойынша ұсыныстар енгізеді;
      2) Аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді және жалпы басшылық етеді;
      3) облыс әкімі тағайындайтын лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныс енгізеді;
      4) облыс әкімінің Қазақстан Республикасының Парламенті, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің Кеңсесі, Қазақстан Республикасының министрліктері және ведомстволарымен, аудан, қала әкімдері, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшылары, орталық атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері, қоғамдық ұйымдар, жеке және заңды тұлғалармен байланысын қамтамасыз етеді;
      5) облыс әкімдігі мен облыс әкімінің қабылдаған актілерінің орындалуын бақылау жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
      6) Аппаратың құзыреті шегінде қызметтік құжаттамаларға қол қояды;
      7) Аппараттағы ішкі еңбек тәртібін белгілейді;
      8) Қазақстан Республикасы заңнамаларында белгіленген тәртіпке сәйкес Ақпараттың мүлкі мен қаржысын басқарады;
      9) келісімдер мен шарттар жасайды, сенімхаттар береді;
      10) өзіне облыс әкімі және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен жүктелген басқа да функцияларды орындайды;
      "Алматы облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      23. Аппараттың басшысы өз орынбасарларының құзыретін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес белгілейді.
      24. Аппаратқа жүктелген функцияларды орындау үшін оның құрамында бөлімдер құрылады. Аппарат басшысының орынбасарлары, бөлім меңгерушілері, облыс әкімінің кеңесшілері, көмекшілері, бас инспекторлары, бөлімдердің бас және жетекші мамандары аппараттың қызметкерлері болып табылады.
      25. Аппараттың бөлімдері аппараттың регламенті мен осы ереженің, сондай-ақ әкімнің жетекшілік ететін, орынбасарларымен келісілген және аппарат басшысы бекіткен бөлім ережелерінің негізінде жұмыс істейді.
      26. Аппараттың қызметкерлерін облыс әкімі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес қызметке тағайындайды және босатады.
      27. Аппарат бөлімінің меңгерушілері:
      1) бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапкершілікте болады;
      2) әкімнің, оның орынбасарларының, аппараттың басшысы мен оның орынбасарларының тапсырмаларын орындайды;
      3) бөлім қызметкерлерін ауыстыру және босату, оларды мадақтау және жазалау туралы ұсыныстар енгізеді;
      4) бөлім қызметкерлері арасында міндеттерді бөледі, еңбек тәртібі, орындаушылық тәртіпті және жұмыстың ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді;
      5) қолданыстағы іс - қағаздарды жүргізу инструкциялары мен аппараттардың регламентіне сәйкес іс қағаздардың жүргізілуіне жауап береді.
      28. Аппарат қызметкерлері өз қызметтік міндеттерін орындау барысында аппаратқа жүктелген функцияларды орындайды.
      29. "Алматы облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес белгіленеді.

4. "Алматы облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      30. "Алматы облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығындағы оқшауландырылған мүлкі болуы мүмкін.
      "Алматы облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге көздерден алынған мүлік есебінен қалыптастырылады.
      31. "Алматы облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітіліп берілген мүлік коммуналдық меншік болып табылады.
      32. "Алматы облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзге жағдай белгіленбесе, өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иелігінен шығаруға немесе басқа жолдармен басқаруға құқығы жоқ.

5. "Алматы облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта құру және тарату

      33. "Алматы облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.
      "Алматы облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізімі:
      1) "Алматы облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      2) "Алматы облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Ақпараттық технология орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      3) "Алматы облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      4) "Алматы облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Жұмылдыру дайындығы мен аумақтық қорғанысты қамтамасыз ету басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Об утверждении Положения государственного учреждения "Аппарат акима Алматинской области"

Постановление акимата Алматинской области от 18 февраля 2016 года № 84. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 18 марта 2016 года № 3756. Утратило силу постановлением акимата Алматинской области от 30 июня 2016 года № 340

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Алматинской области от 30.06.2016 № 340.
      В соответствии с пунктом 4 статьи 38 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 8) статьи 18 Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе" и Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан", акимат Алматинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить Положение государственного учреждения "Аппарат акима Алматинской области" согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Государственному учреждению "Аппарат акима Алматинской области" в установленном законодательством порядке осуществить регистрацию настоящего постановления в органах юстиции и осуществить официальное опубликование после государственной регистрации в органах юстиции на интернет-ресурсе, определяемом Правительством Республики Казахстан и интернет-ресурсе акимата области, а также в газетах "Жетісу и Огни Алатау", периодических печатных изданиях, получивших право официального опубликования нормативных правовых постановлений акимата области и нормативных правовых решений акима области.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима области Дюсембинова Султана Мырзабековича.
      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким области А. Баталов

  Утверждено постановлением акимата Алматинской области от "18" февраля 2016 года № 84

Положение государственного учреждения "Аппарат акима Алматинской области"

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Аппарат акима Алматинской области" (далее-Аппарат) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим информационно-аналитическое, организационно-правовое сопровождение деятельности акимата области и материально-техническое обеспечение акима области.
      2. Государственное учреждение "Аппарат акима Алматинской области" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      3. Государственное учреждение "Аппарат акима Алматинской области" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      4. Государственное учреждение "Аппарат акима Алматинской области" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      5. Государственное учреждение "Аппарат акима Алматинской области" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      6. Государственное учреждение "Аппарат акима Алматинской области" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя государственного учреждения "Аппарат акима Алматинской области" и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      7. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Аппарат акима Алматинской области" утверждаются в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.
      8. Местонахождение юридического лица: 040000, Республика Казахстан, Алматинская область, город Талдыкорган, улица Тәуелсіздік, № 38.
      9. Полное наименование государственного органа:
      на государственном языке: "Алматы облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
      на русском языке: государственное учреждение "Аппарат акимаАлматинской области".
      Сокращенное наименование государственного органа:
      на государственном языке: "Алматы облысы әкімінің аппараты" ММ;
      на русском языке: ГУ "Аппарат акима Алматинской области".
      10..Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения "Аппарат акима Алматинской области".                                                                        
      11.6Финансирование. деятельности государственного учреждения "Аппарат акима Алматинской области" осуществляется из местного бюджета.
      12..Государственному учреждению "Аппарат акима Алматинской области" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения "Аппарат акима Алматинской области".
      Если государственному учреждению "Аппарат акима Алматинской области" законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности государственного учреждения "Аппарат акима Алматинской области"

      13. Миссией государственного учреждения "Аппарат акима Алматинской области" является обеспечение информационно-аналитической, организационно-правовой деятельности акимата области и материально-техническое обеспечение акима области в целях повышения качества государственного управления местными исполнительными органами устойчивого социально-экономического развития региона.
      14. Задачи:
      1)..информационно-аналитическое и правовое обеспечение деятельности акимата области и акима области;
      2) финансовое, хозяйственное и материально-техническое обслуживание акима области;
      3)..обеспечения взаимодействия с Администрацией Президента Республики Казахстан, Канцелярией Премьер-Министра Республики Казахстан, Парламентом Республики Казахстан, представительными и исполнительными органами области, средствами массовой информации, общественными организациями, юридическими лицами и гражданами.
      15. Функции: 
      1) административно-организационные и правовые:
      организация и обеспечение исполнения законов Республики Казахстан, актов Президента Республики Казахстан, Правительства Республики Казахстан, государственных программ, актов акимата области и акима области, контроль за их исполнением на территории области;
      взаимодействие с органами исполнительной власти всех уровней, получение от них информаций для подготовки проектов актов акимата области и акима области, концепций и прогнозов формирующих социально-экономическую политику в области, участие в их разработке и экспертизе;
      подготовка предложений, определяющих сферу деятельности, полномочия и ответственность исполнительных органов, финансируемых из местного бюджета, решение вопросов по улучшению стиля и методов их работы;
      документационное обеспечение деятельности акима и его заместителей, своевременное оформление актов акимата области и акима области доведение их до местных исполнительных органов и иных государственных органов области, предприятий, организаций, учреждений;
      координация работы местных исполнительных органов районов и городов областного значения по линии регистрации актов гражданского состояния;
      обеспечение сбора и последующее представление информации по регистрации актов гражданского состояния в Министерство юстиции Республики Казахстан;
      рассмотрение служебных документов, писем, обращений физическихи юридических лиц, организация приема граждан по личным вопросам;
      иформационно-аналитические:
      подготовка для акима и его заместителей материалов, характеризующих состояние социально-экономического развития области;
      освещение деятельности акима в средствах массовой информации;
      кадровые:
      реализация кадровой политики в области;
      совершенствование и повышение эффективности государственной службы;
      ведение мониторинга состояния кадров государственных служащих, включая формирование областной базы данных и формирование кадрового резерва;
      координация деятельности государственных органов по вопросам подготовки, переподготовки и повышения квалификации государственных служащих, в том числе за рубежом;
      разработка и внесение предложений по кадровому составу, входящему в перечень должностей, назначаемых и освобождаемых акимом области;
      осуществление контроля за соблюдением Закона Республики Казахстан "О государственной службе Республики Казахстан" в вопросах соблюдения ограничений, связанных с пребыванием на государственной службе, ведение личных дел, трудовых книжек (послужных списков) государственных служащих;
      службы внутреннего аудита:
      участие в проведении аудита финансовой отчетности;
      проведение аудита эффективности в государственном органе, в подведомственных организациях по всем направлениям их деятельности акимов районов и городов, управлениях области;
      осуществление оценки функционирования системы внутреннего контроля и управления в государственном органе, в местных исполнительных органах (его территориальных подразделениях) и подведомственных организациях на основе системы управления рисками внутренних процессов (бизнес-процессов) государственного органа;
      анализ достижения целей и задач стратегического плана государственного органа и программ развития территорий во взаимосвязи с бюджетными расходами и другие функций в соответствии с Законом Республики Казахстан "О государственном аудите и финансовом контроле";
      мониторинг государственных услуг и информационных технологий:
      координация работы по оказанию государственных услуг и информационных технологий;
      проведение анализа деятельности государственных органов и местных исполнительных органов по оказанию государственных услуг и информационных технологий, оказание практической помощи;
      гендерной политики:
      формирование в соответствии с приоритетами и рекомендациями национальной комиссии по делам женщин и семейно-демографической политике при Президенте Республики Казахстан комплексных региональных (областных) программ в отношении женщин и семейно-демографической политики в контексте Стратегии развития Казахстана до 2030 года, Стратегии гендерного равенства в Республике Казахстан на 2006-2016 годы.
      16. Права и обязанности:
      1) получать от государственых органов, предприятий, учреждений и организаций всех форм собственности необходимую информацию, устные и письменные обьяснения по вопросам, отнесенным к компетенции акима области. Давать государственным органам и местным исполнительным органам области обязательные к исполнению поручения;
      2) проводить в местных государственных органах проверки состояния исполнения актов и поручений Главы государства, акимата области и акима области, требовать устранения выявленных нарушений и недостатков, заслушивать устные и истребовать письменные обьяснения соответствующих должностных лиц;
      3) вносить акиму области предложения о привлечении к дисциплинарной ответственности руководителей местных исполнительных органов;
      4)..вести служебную переписку с государственными органами и организациями по вопросам, отнесенным к ведению Аппарата;
      5) участвовать в заседаниях коллегий, комиссий, совещаниях управлений, департаментов и других областных служб;
      6) по поручению руководства привлекать работников государственных органов, предприятий и организацийк участию в решении вопросов, отнесенных к компетенции акимата области;
      7) выполнять иные функции, предусмотренные законами Республики Казахстан, Правительства Республики Казахстан, актами акимата области и акима области, а также поручениям акима области.
      Требование Аппарата по представлению необходимых документов, материалов, сообщений, письменных обьяснений должностных лиц органов, финансируемых из местного бюджета, подлежат исполнению в установленные законодательством сроки, если Аппаратом не установлены иные сроки их исполнения.

3.Организация деятельности государственного учреждения "Аппарат акима Алматинской области"

      17..Руководство государственным учреждением "Аппарат акима Алматинской области" осуществляется руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Аппарат акима Алматинской области".
задач и осуществление им своих функций.
      18..Руководитель государственного учреждения "Аппарат акима Алматинской.области" назначается на должность и освобождается от должности акимом области.
      19. Руководитель государственного учреждения "Аппарат акима Алматинской области" принимает меры, направленные на противодействие коррупции в Аппарате и несет персональную ответственность за непринятие антикоррупционных мер.
      20..Руководитель государственного учреждения "Аппарат акима Алматинской области"имеет заместителей, которые назначаются на должности и освобождаются от должностей в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      21. Организация деятельности руководителя аппарата акима области:
      1) организует реализацию целей, возложенных на аппарат;
      2) организует, координирует и контролирует деятельность структурных подразделений аппарата в пределах своей компетенции;
      3) утверждает структуру и штатное расписание аппарата, положение о его структурных подразделениях;
      4)..назначает на государственные должности и освобождает от государственных должностей административных государственных служащих корпуса "Б" Аппарата;
      5) осуществляет общее руководство деятельностью дисциплинарной и конкурсной комиссий Аппарата;
      6) осуществляет контроль за соблюдением служебной дисциплины;
      7) решает вопросы командирования, прредоставления отпусков, оказания материальной помощи, подготовки и переподготовки и повышения квалификации, поощрения, установления надбавок государственным служащим аппарата, за исключением работников, вопросы трудовых отношений которых отнесены к компетенций вышестоящих должностных лиц;
      8) решает вопросы дисциплинарной ответственности государственных служащих Аппарата, за исключением работников, вопросы трудовых отношений которых отнесены к компетенции вышестоящих должностных лиц;
      9) обеспечивает исполнение требований законодательства Республики Казахстан о противодействии коррупции в пределах своей компетенций;
      10) контролирует ход исполнения решений, принятых местными исполнительными органами области;
      11) осуществляет иные полномочия, возложенные законами и иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан.
      22. Полномочия руководителя государственного учреждения "Аппарат акима Алматинской области":
      1) вносит предложения:
      по распределению обязанностей между заместителями акима области;
      по надбавкам и доплатам к должностным окладам работников Аппарата, руководителям исполнительных органов, финансируемым из областного бюджета;
      по вопросам планирования работы Аппарата;
      по иным вопросам, предусмотренным действующим законодательством Республики Казахстан;
      2)..осуществляет общее руководство и координацию деятельности структурных подразделений Аппарата;
      3)..вносит предложения о привлечении к дисциплинарной ответственности должностных лиц, назначаемых акимом области;
      4) обеспечивает контакты акима области с Парламентом Республики Казахстан, Администрацией Президента Республики Казахстан, Канцелярией Премьер-Министра Республики Казахстан, министерствами и ведомствовами Республики Казахстан, акимами районов и городов области, руководителями исполнительных органов, финансируемых из местного бюджета, структурными подразделениями центральных исполнительных органов, общественными обьединениями, юридическими и физическими лицами;
      5) координирует работу по контролю за исполнением принятых актов акимата области и акима области;
      6) подписывает служебную документацию в пределах компетенции Аппарата:
      7) устанавливает внутренний трудовой распорядок в Аппарате:
      8) в установленном законодательством Республики Казахстан порядке распоряжается имуществом и средствами Аппарата:
      9) заключает договоры и соглашения, выдает доверенности:
      10) выполняет иные функции, возлагаемые на него акимом области и действующим законодательством Республики Казахстан.
      Исполнение полномочий руководителя государственного учреждения "Аппарат акима Алматинской области" в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      23. Руководитель Аппарата определяет полномочия своих заместителей в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.
      24. Для выполнения возложенных на Аппарат функций в его составе образуются отделы. Заместители руководителя Аппарата, заведующие отделами, советники, помощники, главные инспектора акима области, главные и ведущие специалисты, специалисты отделов являются работниками Аппарата.
      25...Отделы Аппарата действуют на основании
настоящего положения и регламента аппарата, а также положений отделов, утверждаемых руководителем аппарата.
      26. Работники Аппарата назначаются на должность и освобождаются от должности руководителем аппарата акима области в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.
      27. Заведущие отделами Аппарата:
      1) несут персональную ответственность за выполнение возложенных на отдел задач;
      2) выполняют поручения акима области, его заместителей, руководителя Аппарата и его заместителей;
      3) вносят предложения о перемещении и освобождении работников отдела, их поощрении и привлечении к дисциплинарной ответственности;
      4) распределяют обязанности между работниками отдела, обеспечивают надлежащую организацию труда, трудовую и исполнительную дисциплину;
      5) отвечают за ведение делопроизводства в соответствии с регламентом Аппарата и действующими инструкциями по делопроизводству.
      28. Работники Аппарата при исполнении своих служебных обязанностей осуществляют функции, возложенные на Аппарат.
      29..Режим работы государственного учреждения "Аппарат акима Алматинской области" установлен в соответствии с Трудовым кодексом Республики Казахстан.

4. Имущество государственного учреждения "Аппарат акима Алматинской области"

      30. Государственное учреждение "Аппарат акима Алматинской области"
может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан.
      Имущество Государственного учреждения "Аппарат акима Алматинской области" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством.Республики.Казахстан.
      31..Имущество, закрепленное за государственным учреждением "Аппарат акима Алматинской области" относится к коммунальной собственности.
      32. Государственное учреждение "Аппарат акима Алматинской области" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством Республики Казахстан.

5. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Аппарат акима Алматинской области"

      33. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Аппарат акима Алматинской области" осуществляются в соответствии с законодательством.Республики.Казахстан.
      Перечень организаций, находящихся в ведении государственного учреждения "Аппарат акима Алматинской области":
      1)..Коммунальное государственное учреждение "Хозяйственное управление" государственного учреждения "Аппарат акима Алматинской области";
      2) Коммунальное государственное учреждение "Центр информационных технологий" государственного учреждения "Аппарат акима Алматинской области";
      3) Коммунальное государственное учреждение "Дом дружбы – центр общественного согласия" государственного учреждения "Аппарат акима Алматинской области";
      4) Коммунальное государственное учреждение "Управление обеспечения мобилизационной подготовки и территориальной обороны" государственного учреждения "Аппарат акима Алматинской области".