Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 ақпандағы "Алматы облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 84 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 340 қаулысы

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 ақпандағы "Алматы облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 84 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылғы 18 наурыздағы № 3756 тіркелген ) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. "Алматы облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы С. Дүйсембіновке жүктелсін.
      Облыс әкімі А. Баталов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады